Мемлекеттік органдарға ресми түрде өтініш беру
Біздің сайтымыздан:
– өтінішті жеткізу кепілдігін
– мәртебелерді қадағалау мүмкіндігін
– мемлекеттік органдардан ресми жауап ала аласыз
Қызмет қалай жұмыс істейді
1-қадам. Сайтта тіркелу
Өтінішті жіберу үшін сайтта тіркелуден өтуіңіз керек.
2-қадам. Өтініш нысанын толтыру
Өтінішті жіберу үшін нысанды толтырып, қажетті файлдарды тіркеуіңіз қажет. Таңдалған санатқа байланысты сіздің өтінішіңіз жауапты Әкімшілік органға жіберіледі.
3-қадам. Өтінішті жіберу
Толтырылған нысанға электронды қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қол қоюыңыз керек.
4-қадам. Өтініштің қаралу мәртебелерін қадағалау
Өтінішті жібергеннен кейін қаралу мәртебелері бар sms хабарламалар аласыз: – Жауапты әкімшілік орган және орындалу мерзімі көрсетілген жөнелту туралы хабарлама – Орындаушы көрсетілген орындауға жіберілгені туралы хабарлама – Орындаушы, орындалу күні және өтінішті қарау нәтижелері туралы ақпарат немесе өтініштің басқа субъектілерге немесе лауазымды тұлғаларға олардың құзыреттеріне сәйкес жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген орындалуы туралы хабарлама.