Пайдаланушы келісімдері

Осы Пайдаланушы келісімі «BTS Digital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Компания») мен «Suraqtar» тұғырнамасын пайдаланушы жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттейді

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Suraqtar – сұрақтар мен жауаптар форматында әртүрлі салалардағы сарапшылардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ОМО/ЖАО ҚР тұрғындарымен/азаматтарымен тікелей өзара іс-қимыл жасауына арналған тұғырнама.

Сарапшы – тұғырнамаға қатысушы болып табылатын және өзіне тұғырнама арқылы келіп түскен пайдаланушының сұрағына уақтылы әрі толыққанды жауап беретін белгілі бір саладағы маман.

Әріптес – Компаниямен жасалған шарттар негізінде пайдаланушылар базасын құру, оның жұмыс істеуі, оны ұлғайту, функционалды кеңейту, сондай-ақ Қосымша мен кез келген Сервистерді қолдау үшін Компанияның қызметтерін көрсету мақсатында, оның ішінде Компанияның жұмыс процестеріне қызмет көрсету үшін тартылатын тұлғалар.

Дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, солардың негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысы бар, оның ішінде биометриялық деректер, сондай-ақ болашақта оларда болатын өзгерістер мен толықтырулар.

Пайдаланушы – Suraqtar тұғырнамасында тіркелген, тұғырнаманы пайдаланатын және өзекті, әлеуметтік маңызы бар сұрақтарды тұғырнама арқылы жіберген жеке тұлға.

Құқық иеленуші – Компания, Пайдаланушы немесе зияткерлік қызметтің нәтижесіне айрықша құқықтарға ие кез келген үшінші тұлға.

Сервистер – Қосымшаны Пайдаланушылар үшін қолжетімді көрсетілетін қызметтер мен құралдар.

Пайдаланушы келісімі – осы келісім, Қосымшаның жұмысын регламенттейтін немесе Сервистерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ Компанияның, оның Әріптестері мен Пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын өзге де қағидалар мен құжаттар.

Есепке алу деректері – Қосымшада тіркелу және/немесе оны алғаш рет пайдалану кезінде Пайдаланушы ұсынатын, солардың негізінде Компания олардың кез келген өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, Пайдаланушыны айқындайтын деректер.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1 Компания Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі шарттарында Тұғырнаманы пайдалануды ұсынады, ол Тұғырнамаға әртүрлі қатысушыларды біріктіреді және олардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ онда қолжетімді қосымша Сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жекелеген Сервистерді ұсынуға қатысты Компания осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын арнайы қағидаларды белгілеуі мүмкін. Осы Пайдаланушы келісімі мен арнайы қағидалар арасында қайшылықтар болған жағдайда арнайы қағидалардың ережелері қолданылады.

2.2 Қосымшада ұсынылатын Сервистер Пайдаланушы алдын ала хабардар етілмей кез келген кезде өзгертілуі, толықтырылуы, жаңартылуы, функционалдық мүмкіндіктерінің нысаны мен сипатын өзгертуі мүмкін, осыған байланысты, оларды пайдалану «қазіргі қалпында» режимінде, яғни, Пайдаланушылар Сервистерге жүгінген кезде Компания ұсынатын түрде және көлемде пайдалану ұсынылады. Компания өз қалауы бойынша алдын ала хабардар етпей, тұтастай алғанда, барлық Пайдаланушыларға немесе атап айтқанда, жекелеген Пайдаланушыға Қосымшаны және/немесе жекелеген Сервистерді (немесе Сервистер шеңберінде қандай да бір жекелеген функцияларды) қолдауды ұсынуды тоқтатуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы.

2.3. Пайдаланушы әрі сарапшыларға, Компанияның жұмыскерлеріне, әрі басқа Пайдаланушыларға қатысты әдеп нормаларын бұзуға немесе осы Пайдаланушы келісімі ережелерінің өзге де бұзушылығына жол берген жағдайда Компания оның Тұғырнамаға, оның функционалына және/немесе Сервистеріне қол жеткізуін шектеуге немесе оған тыйым салуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы.

2.4 Егер Пайдаланушының басқа Пайдаланушыға қатысты соңғысының Сервистерді пайдалануына және/немесе ол орналастырған ақпаратқа және/немесе Контентке байланысты наразылықтары туындаса, Пайдаланушы осы талаптарды тікелей осындай Пайдаланушыға қоюға және наразылықтарды өз бетінше әрі Компанияның қатысуынсыз шешуге міндетті.

3. ҚОСЫМШАДА ТІРКЕЛУ ШАРТТАРЫ

3.1 Кәмелетке толған Пайдаланушы Қосымшада тіркелгеннен және осы Пайдаланушы келісімін жасасқанынан кейін Тұғырнаманы пайдалануға құқылы. Кәмелетке толмаған Пайдаланушы Қосымшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен пайдалануға құқылы.

3.2 Тұғырнамада тіркелген кезде Пайдаланушы Мобильді құрылғының ұялы байланысының абоненттік нөмірін көрсетеді.

3.3 Пайдаланушының дербес деректерді және абоненттік нөмірді ұсынуы оның осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын сөзсіз қабылдауын білдіреді.

3.4 Пайдаланушы өзінің Есепке алу деректерінің сақталуын қадағалауға және оларды үшінші тұлғаларға ашпауға міндетті. Пайдаланушы өзінің Есепке алу деректерін Пайдаланушының атынан және мүддесінде әрекет ететін немесе Пайдаланушымен тиісті келісімдер негізінде осындай Есепке алу деректерін алған тұлғаларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға беруге, сондай-ақ өзінің Есепке алу деректерін Қосымшаны пайдалану үшін үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде пайдалануға рұқсат етуге құқылы емес.

3.5 Пайдаланушының Есепке алу деректерін пайдалана отырып жасалған кез келген әрекет Пайдаланушының өзі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасаған әрекет деп есептеледі және осы Пайдаланушы келісімі мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықты қоса алғанда, осындай әрекеттерге қатысты Пайдаланушы үшін міндеттер мен жауаптылықты белгілейді.

3.6 Осы Пайдаланушы келісімін жасаса отырып, Пайдаланушыға Қосымшаны пайдалану мүмкіндігін, Қосымшаның функционалын дамыту және жақсарту мүмкіндіктерін ұсыну мақсаттары, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігін құрайтын Құпиялылық саясатында көрсетілген өзге де мақсаттар үшін Пайдаланушы Компанияға:

  • Пайдаланушының Дербес деректерін барлық дереккөздерден жинауға;
  • Дербес деректерді өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілдермен өңдеуге (оның ішінде Компанияның үлестес тұлғалары мен Әріптестерінің өңдеуіне);
  • Әріптестерге және үлестес тұлғаларға Дербес деректерді беруге, оның ішінде трансшекаралық беруге;
  • Компанияның Құпиялылық саясатында көрсетілуі мүмкін Дербес деректерге қатысты өзге де құқықтарға сөзсіз келісімін береді.

3.7 Осы Пайдаланушы келісімін жасаса отырып, Пайдаланушы әрі үшінші тұлғалардан, әрі Компаниядан жарнамалық ақпаратты алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді. Пайдаланушы сілтемелері тиісті материалдарда қамтылуы мүмкін сайттарды қоса алғанда, Компанияның осындай ақпараттың мазмұнын айқындамайтынын және ол үшін жауапты болмайтынын түсінеді және соған келісе.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1 Пайдаланушының:

4.1.1 Осы Пайдаланушы келісімінде көзделген талаптарды сақтағаннан кейін Тұғырнаманы пайдалануға қол жеткізуді алуға;

4.1.2 Тұғырнамада бар барлық Сервистерді пайдалануға;

4.1.3 Осы Пайдаланушы келісімінің талаптарын сақтаған жағдайда Suraqtar тұғырнамасына кіруге және өзі таңдаған сарапшыға өзін қызықтыратын сұрақтар қоюға құқығы бар, бұл ретте Пайдаланушы өз Контентін жүктеген және/немесе оны Қосымша арқылы жіберген кезде Пайдаланушы Компанияға Контентке аумақтық тұрғыдан шектелмеген лицензияны ұсынады және Қазақстанның заңнамасы сақталған жағдайда Қосымша мен Сервистердің жұмысын қамтамасыз ету, алға жылжыту, функционалын жақсарту және оларды жетілдіру мақсатында Компания мен Әріптестердің оны пайдалануына рұқсат береді;

4.1.4 Байланыс телефонына хабарламаны алғаннан кейін сарапшы құзыретінің белгілі бір саласынан қойылған сұраққа қатысты сарапшылық пікірін Тұғырнама арқылы алуға;

4.1.5 Қосымшаны тек қана Пайдаланушы келісімінде көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған мақсаттарда және тәртіппен пайдалануға;

4.1.6 Құқыққа қарсы ақпаратты орналастыруды қоса алғанда, Пайдаланушының басқа Пайдаланушылар мен үшінші тұлғалардың құқыққа сыйымсыз әрекеттері мәселелері бойынша шағымдары туындаған жағдайда suraqtar@btsdigital.kz мекенжайына өтінішті ресімдеуге;

4.1.7 Қосымшаға байланысты сұрақтары және/немесе тілектері болған кезде support@aitu.io мекенжайы бойынша техникалық қолдауға тиісті өтінішті ресімдеуге құқығы бар.

4.2 Пайдаланушы:

4.2.1 Тұғырнама мен Сервистерді тек қана өздері арналған мақсаттарда пайдалануға;

4.2.2 Тұғырнамаға Контент жүктелген және/немесе ол арқылы сұрақтар жіберілген жағдайда Құқық иеленушілердің оған құқықтарын сақтайтын құқықтарын, оның ішінде Құқық иеленушінің Контентті қажетті көлемде пайдалануға келісімін алу арқылы сақтауға міндетті. Осы міндеттеме бұзылған жағдайда Пайдаланушы Құқық иеленушінің құқықтарын бұзғаны үшін толық жауапты болады және Компанияны Құқық иеленушінің тарапынан Компанияға кез келген талап қоюлар мен наразылықтардан қорғауға және/немесе осыған байланысты шығыстарды өтеуге міндеттенеді;

4.2.3 Компанияға, басқа Пайдаланушыларға, кез келген үшінші тарапқа немесе Құқық иеленушілерге келтірілген залалдарды өтеуге міндетті.

4.3 Компания:

4.3.1 Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес Пайдаланушыға Қосымшаға қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

4.3.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге, бермеуге міндетті.

4.4 Компанияның мыналарға құқығы бар:

4.4.1 Компания Пайдаланушыға Қосымшаның жұмыс істеуі туралы ақпаратты кез келген тәсілмен жіберуге, оның ішінде ақпараттық және өзге де хабарларды Қосымшаның ішінде орналастыруға құқылы;

4.4.2 Компания, егер сұрақтар мен Контент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес келмесе, сарапшының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорласа, Компанияға немесе үшінші тұлғаларға зиян келтірсе, оларды редакциялауға немесе өшіріп тастауға құқылы;

4.4.3 Компания, басқалардан бөлек, сыртқы құрылғылар туралы, сондай-ақ Пайдаланушы құрылғысының, жүйе мен Тұғырнаманың бағдарламалық қамтылымы туралы техникалық деректерді қоса алғанда, техникалық деректерді және оларға байланысты ақпаратты жинауға және пайдалануға құқылы. Бұл ақпарат мерзімді түрде жиналады және Пайдаланушыға Тұғырнамаға қатысты бағдарламалық қамтылымның жаңартуларын, техникалық қолдау мен көрсетілетін қызметтерді (егер мұндайлар болса) ұсынуды оңайлату мақсатын көздейді;

4.4.4 Тұғырнаманың жұмысын жақсарту және тұрақтылығын арттыру мақсатында Компания Пайдаланушының Тұғырнаманы пайдалануы туралы статистикалық және өзге де ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге құқылы;

4.4.5 Сарапшыға Тұғырнаманы пайдалануға тыйым салуға және ол осы Пайдаланушы келісімінің 4.7-тармағында көрсетілген міндеттерді бұзған жағдайда оны Тұғырнаманы пайдаланушылар тізімінен алып тастауға құқығы бар.

4.5 Пайдаланушы Тұғырнама Компанияға тиесілі зияткерлік меншік объектісі болып табылатынын мойындайды. Компания Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісіміне сәйкес Пайдаланушының Тұғырнаманы жеке пайдалануы үшін негізді түрде қажетті көлемде ғана осындай құқықтарға айрықша емес, берілмейтін, кері қайтарып алынатын лицензияны ұсынады. Пайдаланушыға Компанияның сауда белгілері мен қызмет көрсету белгілеріне ешқандай құқықтар берілмейді, олар Компанияның және/немесе оның тиісті үлестес тұлғаларының меншігі болып қалады. Тұғырнама бағдарламалық қамтылым болып табылады және «қазіргі қалпында» әрі ол болған жағдайда ұсынылады, бұл ретте Компания Тұғырнамаға қол жеткізуді алудың немесе оны пайдаланудың қандай да бір мүмкін емес екендігі үшін жауапты болмайды.

4.6. Сарапшының:

4.6.1 Өз құзыреті шеңберінде қойылған сұрақтарға сәйкес өзінің сарапшылық пікірін ұсынуға;

4.6.2 Ұсынымдар беруге және Пайдаланушыдан қажетті қосымша ақпарат алуға;

4.6.3 Сұрақтан бас тартуға немесе сарапшының құзырет аясына кірмейтін сұрақтарды қайта жолдауға құқығы бар.

4.7. Сарапшы:

4.7.1 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушыдан алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға;

4.7.2. Тұғырнама арқылы алынған Пайдаланушының дербес деректерін жинауға және өңдеуге қатысты қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға және алынған дербес деректерді осы Пайдаланушы келісімі мақсаттарының шегінен шығатын мақсаттар үшін пайдаланбауға;

4.7.3. Жауаптарды Тұғырнамада тегін ұсынуға және кәсіби әдеп нормаларын сақтауға міндетті.

5. ШЕКТЕУЛЕР

5.1 Пайдаланушыға:

5.1.1 басқа Пайдаланушылардың келісімінсіз оларға Тұғырнама арқылы жарнамалық, ақпараттық және басқа да материалдарды жаппай таратуды жүргізуге;

5.1.2 Қорлауды, жала жабуды, былапыт сөздерді қамтитын материалдарды, порнографиялық немесе мораль нормаларына қайшы келетін өзге де материалдарды; қатыгездікті, террорды немесе зорлық-зомбылықты көрсететін немесе насихаттайтын, адами қадір-қасиетті қорлайтын материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін өзге де материалдарды немесе осындай материалдарды қамтитын интернет-сайттар мен басқа да ресурстарға сілтемелерді Тұғырнама арқылы орналастыруға;

5.1.3 Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен араздықты қоздыратын насихаттауды немесе үгіттеуді, соғысты насихаттауды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік немесе өзге де жағдай негізінде кемсітуді жүзеге асыруға;

5.1.4 Егер Пайдаланушыға осы әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілмесе, Тұғырнама арқылы қолжетімділігі шектеулі кез келген ақпаратты (құпия ақпаратты), сондай-ақ кез келген көрінеу жалған ақпаратты орналастыруға және/немесе беруге;

5.1.5 Тұғырнаманың және/немесе ол жұмыс істейтін инфрақұрылымның (тұғырнаманың) функционалын пайдалану үшін басқа бағдарламалық және/немесе аппараттық құралдарды пайдалануға;

5.1.6 Тұғырнаманың инфрақұрылымына пропорционалды емес үлкен жүктемеге алып келуі және Тұғырнама мен оның инфрақұрылымының жұмысын өзге түрде бұзуы мүмкін әрекеттерді қолдануға;

5.1.7 Заңсыз алынған кез келген Контентті не Құқық иеленушінің алдын ала рұқсатын талап ететін Контентті мұндай рұқсатсыз одан әрі көшіру, өзгерту, тарату немесе жариялау үшін көшіруге, қайта жаңғыртуға, өзгертуге, таратуға немесе жұртшылыққа ұсынуға;

5.1.8 Тұғырнаманы өзгертуге, Компанияның және/немесе оның Әріптестерінің ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне және дерекқорларына заңсыз қол жеткізуді алуға бағытталған әрекеттерді жасауға;

5.1.9 Мұндай белсенділіктерді Компания немесе оның жазбаша рұқсатымен Әріптестер жүзеге асыратын жағдайлардан басқа, Тұғырнаманы лотерея, дауыс беру, конкурстар, викториналар, жарнама, сауалнамалар өткізу үшін пайдалануға;

5.1.10 Төтенше жағдайлар, өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, Пайдаланушының және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкін сақтау немесе қорғау үшін Тұғырнаманың функционалын пайдалануға немесе оған сүйенуге тыйым салынады.

5.2 Осы Пайдаланушы келісімінің 5.1-тармағының ережелерін кез келген бұзу елеулі деп есептеледі және Компанияға осы Пайдаланушы келісімін біржақты тәртіппен бұзуға құқық береді.

6. ЖАУАПТЫЛЫҚ

6.1 Пайдаланушы өзі орналастыратын ақпараттың мазмұны мен Тұғырнамада орналастырылатын ақпаратқа қатысты үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қосымшада жасалатын әрекеттер үшін жауапты болады.

6.2 Пайдаланушы Есепке алу деректерін қоса алғанда, тіркелу кезінде Компанияға ұсынылатын мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.

6.3 Пайдаланушы Тұғырнама арқылы орналастырылатын және таратылатын Контентке және оның мазмұнына қатысты әрекеттер үшін жауапты болады.

6.4 Компания Пайдаланушылар ұсынатын ақпараттың мазмұны, Пайдаланушылардың үшінші тұлғалардың тауар белгілерін, логотиптерін немесе кез келген басқа да зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін жауапты болмайды.

6.5 Компания Пайдаланушының ақпаратты жоғалтқаны үшін, сондай-ақ ақпаратты бұрмалағаны немесе Пайдаланушы Қосымша арқылы орналастыратын хабарлардың, Контенттің жоғалғаны үшін жауапты болмайды.

6.6 Компания сарапшы ұсынған пікір және сарапшының көрсетілген мәселедегі құзыреттілігі үшін жауапты болмайды.

6.7 Компания Тұғырнама мен Сервистерге қатысты қандай да бір кепілдіктер бермейді, атап айтқанда, Компания Пайдаланушыға:

  • Тұғырнама мен Сервистер, олар ұсынатын артықшылықтар мен олардың сапасы Пайдаланушының талаптары мен мақсаттарына сәйкес келетініне;
  • Тұғырнама мен Сервистер үздіксіз, сенімді түрде әрі қатесіз ұсынылатынына;
  • Тұғырнама мен Сервистерді пайдалану арқылы алынатын нәтижелер дәл, сенімді болатынына әрі Пайдаланушының болжалдарына сәйкес келетініне кепілдік бермейді.

6.8 Пайдаланушы жіберіп алған пайданы қоса алғанда, шектеу себебіне қарамастан, Тұғырнама мен Сервистер қолжетімділігінің шектелуіне байланысты Пайдаланушыға келтірілген ықтимал залалдар үшін Компанияның жауапты болмайтынына келіседі.

6.9 Компания (а) еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылуын; (б) нормативтік құқықтық актілердің өзгерістерін/күшін жоюды; (в) мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың әрекеттерін; (г) байланыс операторлары ұсынатын көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауын; (д) Компанияға байланысты емес басқа да себептерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

6.10 Кез келген жағдайларда Компанияның осы Пайдаланушы келісімі бойынша жауаптылығы 1 АЕК мөлшеріндегі сомамен шектеледі, алайда, бұл шектеу Пайдаланушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірілген жағдайда қолданылмайды.

7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7.1. Осы Пайдаланушы келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес белгілейді және Пайдаланушы тұтастай алғанда, осы Пайдаланушы келісіміне қосылу арқылы ғана қабылдайды.

7.2. Кез келген тұлғаның (Пайдаланушының) Тұғырнаманы пайдалану бойынша әрекеттері осы Пайдаланушы келісіміне, Компанияның Құпиялылық саясатына және осы құжаттарда көрсетілген барлық шарттарға келісім білдіру болып табылады.

7.3. Осы Пайдаланушы келісімі осы Пайдаланушы келісімінің 3-бөліміне сәйкес Пайдаланушы тіркелген күннен бастап күшіне енеді және Пайдаланушының Компанияда тіркелген Есепке алу деректерінің болуы арқылы айқындалатын Компанияның Пайдаланушыға қызметтер көрсету мерзімі ішінде әрекет етеді. Мобильді құрылғыдағы Қосымшаны өшіріп тастау осы Пайдаланушы келісімін тоқтатпайды, алайда, Пайдаланушы кез келген уақытта, оның ішінде өзгерістермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда, Компанияға Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ даңғылы 29 мекенжайы бойынша жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Пайдаланушы келісімінен бас тарта алады.

7.4. Компания Пайдаланушы келісімінің өзгертілген редакциясын Компанияның сайтында орналастыру және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау арқылы осы Пайдаланушы келісіміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Қосымшаның функционалы шеңберінде оларды қабылдау туралы тиісті батырманы басқаннан кейін не егер олар жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн өткен соң Пайдаланушы Қосымшаны пайдалануды жалғастырса, Пайдаланушы мұндай өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады деп есептеледі. Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясы мынадай сілтеме бойынша Компанияның сайтында орналастырылады: https://suraqtar.kz/

7.5. Компания осы Пайдаланушы келісімі бойынша өз құқықтарын және/немесе міндеттерін әрі тұтастай алғанда, әрі бір бөлігінде Пайдаланушының келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқылы.

7.6. Осы Пайдаланушы келісімінде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады.

7.7. Осы Пайдаланушы келісімін орындауға байланысты кез келген даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Пайдаланушы және Компания оларды міндетті сотқа дейінгі (наразылық) тәртіпті пайдалана отырып, өздерінің арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешу үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Даулар келіссөздер арқылы шешілмеген жағдайда, олар «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолданыстағы Регламентіне сәйкес оның Төрелік орталығында түпкілікті реттеуге жатады. Төреліктің құрамы бір төрешіні қамтитын болады. Төрелік талқылауды өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласы болады. Төрелік талқылаудың тілі орыс тілі болады.

7.8. Осы Пайдаланушы келісімі бірдей заңды күшке ие орыс және қазақ тілдерінде жасалды.

Сайтқа кіру