Модерация саясаты

1-бөлім. Жалпы ережелер

1.1 Suraqtar.kz веб-сайты (бұдан әрі - Сайт) - азаматтардың өтініштерін қабылдауға және өңдеуге арналған сервис.

1.2 Suraqtar.kz веб-сайтының модерация саясатын (бұдан әрі - Модерация саясаты) өтініштерді беру және қарастыру процесіне қатысушылардың қызметін реттеу мақсатында Сайт әкімшілігі әзірледі.

1.3. Модерация саясаты, Сайттың барлық Пайдаланушылары орындауға міндетті, Сайтта материалдарды (бұдан әрі - "Контент") орналастыруға қатысты бірқатар қағидаларды қамтиды. Қағидалар, сондай-ақ, құқықтары мен мүдделері Сайтты Пайдаланушылардың қызметінің нәтижесінде қозғалуы мүмкін үшінші тұлғалармен байланысты қатынастарға да қолданылады.

1.4. Модерация саясатының қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде https://suraqtar.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан. Аталған редакцияны Сайт әкімшілігі Сайттың Пайдаланушыларына алдын ала ескертпестен өзгерте алады және/немесе толықтыра алады. Модерация туралы ережеге толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізілгеннен кейін Пайдаланушының Сайт шеңберінде қызметін жалғастыруы Сайт пайдаланушысының сайттың жаңа қағидаларымен келісетіндігін білдіреді.

1.5 Сарапшылар өтініштерді өңдеу және шешу жөніндегі әріптестер болып табылады. Пайдаланушы жіберген өтініштер автоматты түрде сарапшы әріптеске жіберіледі. Сарапшы өтініштерді өңдейді, мәртебесін өзгертеді, егер бұл өтінішті шешу үшін қажет болса, пайдаланушының өтініштерін үшінші тұлғаларға береді.

2-бөлім. Негізгі мақсаттар

2.1 Сайтта контентті орналастырудың тәртібі мен ерекшеліктерін анықтайтын бірыңғай қағидалар жиынтығын бекіту.

2.2 Сайтты пайдаланушылардың Сайтта орналасатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты жол беретін бұзушылықтарының ықтимал типтерін құрылымдау.

2.3 Модератордың әрекеттерін белсенді қылатын "Ұнамсыз" және "Тыйым салынған контент" түсініктерінің мағынасын ашу.

3-бөлім. Қағидалар

Азаматтардың аталған сайт арқылы келіп түскен барлық өтініштері модерациядан өтуге жатады.

3.1 Ұнамсыз және тыйым салынған контент ретінде Пайдаланушы Сайтты пайдаланған кезде жүктеген және келесі сипаттамаларға ие ақпарат түсініледі:

  • әдепсіз, дөрекі болып саналатын, порнографиялық сипатқа ие;
  • ішінде балағат, дөрекі сөздер болатын, орыс немесе қазақ тілдерінің тазалығын бұзатын
  • ар-намыс пен абыройға және іскерлік беделге кір келтіретін, беделді түсіретін, қорлайтын, қауіп-қатер төндіретін, жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзатын және Сайттың басқа да Пайдаланушыларының және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын
  • жануарларға зорлық, дөрекілік көрсету көріністері бар, қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын немесе қылмыстық әрекеттерді жасауға итермелейтін
  • ұлтаралық өшпенділікті немесе қастастықты (терроризм, нәсілшілдік, шовинизм) қоздыруға ықпал ететін, фашизмді немесе өзге де экстремистік идеологияларды насихаттайтын
  • есірткі және темекі туралы ақпаратты, олардың жарнамасын қамтитын, өмірге төнетін қауіпті және қолданудың қауіпті салдарларын жасыратын
  • спам болып саналатын ақпарат, яғни басқа Пайдаланушылардың келісімі алынбаған коммерциялық, саяси немесе өзге де жарнамалық ақпараттың жаппай таратылуы
  • Сайтты Пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын өзге де тәсілдермен бұзатын

3.2 Модератор Пайдаланушылардың Сайтта орналастырған барлық материалдарын модерациядан өткізуге, яғни осы материалдардың мазмұны мен сапасын қадағалауға құқылы және қажет болған жағдайда, өз қарауы бойынша, ескертусіз және себептерін түсіндірусіз оларды жоюға және орындарын ауыстыруға құқылы.

3.3 Іс-әрекеті Сайт шеңберінде аталған қағидаларға қайшы келетін Пайдаланушыға әсер ету шарасы Модератордың қарауы бойынша анықталады және Сайтты Пайдаланушыны алдын ала немесе кейіннен ескертпестен, ұнамсыз/тыйым салынған контентті жасыруды немесе жоюды көздеуі мүмкін.

4-бөлім. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

4.1. Сайтта тіркелген кезде Пайдаланушы Сайтты пайдаланумен және оның жұмыс істеуімен байланысты көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қабылдай отырып, Құпиялылық саясатымен танысуға міндетті (жекелей алғанда, осы Модерация саясатына баса аудару қажет).

4.2. Тіркелгеннен кейін Пайдаланушы өтініштер жасау, өтініштерді жариялау және Сайт ішіндегі ақпараттық кеңістікті жеке коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану құқығына ие болады.

4.3. Пайдаланушы Құпиялылық Саясатына, Модерация саясатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Сайттың аталған бөлімдерінде контентті құрумен, орналастырумен, сақтаумен және жіберумен байланысты өзінің барлық әрекеттері үшін толығымен жауапты болады.

4.4 Егер Сіз Сайтта дербес деректеріңізді веб-нысанды толтыру немесе электрондық хатты жіберу секілді әдістерді пайдалана отырып ұсынуды шешсеңіз, ақпарат Сіз берген өтінішті шешуге көмектесу үшін немесе Сіздің хабарламаңызға жауап беру үшін пайдаланылатын болады. Қажетті деректер сіздің сұратуларыңызды қанағаттандыру үшін басқа да мемлекеттік мекемелерге ұсынылуы мүмкін. Сіздің дербес деректеріңіз қандай да бір үшінші тұлғалардың сіздің өтінішіңізді шешуге қатысуы жағдайларын есепке алмағанда, басқа үшінші тұлғаларға берілмейді.

Сайтқа кіру